Өзбекстанда парламенттік сайлау өтіп жатыр

Өзбекстанда парламенттік сайлау өтіп жатыр

27 қазанда Өзбекстанда Олий Мажлис пен кенгашке облыстық депутаттарды сайлау өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Учаскелер жергілікті уақытпен сағат 08:00-де ашылып, 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Елде 10 717 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.

Биыл парламенттік сайлау алғаш рет аралас жүйемен өтіп жатыр, ол мажоритарлық және пропорционалды жүйені біріктірген, – делінген мәліметте.