Өзбекстанда 17 мыңнан аса мемлекеттік қызметші жұмыстан шығарылады

25 Қаңтар 2023, 17:34 1692

Бұл - мемлекеттік қызметшілердің жалпы санының 24 пайызы.

Өзбекстанда әкімшілік реформа аясында 17 мыңнан астам шенеунік қысқартылады. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев «Республиканың атқарушы билік органдарының қызметін тиімді жолға қою жөніндегі бастапқы ұйымдастыру шаралары туралы» тиісті жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Құжатқа сәйкес, министрліктер мен ведомстволарда бюджеттік және бюджеттік емес қаражат есебінен қаржыландырылатын басшы және өндірістік персоналдан барлығы 17 447 адам қысқартылады.

Бұл - мемлекеттік қызметшілердің жалпы санының 24 пайызы.

Соның ішінде министрліктер мен ведомстволар басшыларының орынбасарларының саны 207-ден 144-ке немесе 30%-ға қысқартылды.

Министрліктер мен ведомстволар қызметкерлерінің жалпы саны 56 573 штатпен шектелген.

Қаулыда министрліктер мен ведомстволардың бюджеттік емес қаражат есебінен басшы персоналдың қосымша штат енгізуіне үзілді-кесілді тыйым салынады.

Мемлекеттік аппаратты реформалау нәтижесінде 703 қызметтік көлік пен 10 ғимарат босатылды.

Алдын ала болжам бойынша, қызметкерлерді қысқарту 1,5 триллион сумды (132 миллион доллар) үнемдейді.

Қызметтік көліктер санын азайту бюджетті тағы 70 миллиард сум (6 миллион доллар) үнемдейді.

EL.KZ
Бөлісу: