Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді

21 Сәуір, 03:20 1487

 Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің тапсырмасы бойынша Қазақстанның су тасқынынан зардап шеккен аудандарына гуманитарлық көмек жіберілді. Бұл туралы Kazinform агенттігіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өзбекстан үкіметінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қажетті гуманитарлық жүк тиелген көліктер бүгін Қазақстанға бағыт алды.

Министрлер кабинетінің өкімі негізінде 15 жүк көлігіне гуманитарлық жүк артылып, оларды жеткізу бойынша тиісті ұйымдастырушылық мәселелер шешілді. Жүкті Өзбекстан президентінің кеңесшісі Тұрсынхан Құдайбергенов бастаған жұмыс тобы алып барып, табыстайды, - делінген Өзбекстан үкіметінің баспасөз қызметінен таратқан хабарламада.

Мәлім болғандай, көліктерге азық-түлік, балалар мен ересектерге арналған киім, көрпе, жастық, гигиеналық құралдар, арнайы жабдықталған шатырлар, резеңке қайықтар мен басқа да қажетті тауарлар тиелген.

Зарина Арман
Бөлісу: