Әлеуметтік желілерде Өзбекстан президентінің күйеу баласы әрі қауіпсіздік қызметінің штаттан тыс орынбасары Отабек Умаровтың суреті қызу талқыланып жатыр. Жергілікті блогер Санжар Қожа жариялаған фотода Шавкат Мирзиеевтің кіші күйеу баласы құны шамамен 2 миллион доллар тұратын сағат тағып алғанын байқауға болады, деп хабарлайды yep.uz-ге сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Желілерде Отабек Умаровтың қымбат сағатынан бөлек оның өзбек жанкүйерлерімен жасөспірімдер арасындағы футбол матчының финалына барған видеосы да қызу талқыланып жатыр.
Өзбекстан Футбол федерациясы ұйымдастырған чартерлік рейс 3 мамырда Ташкенттен ұшып, 4 мамырда оралған. Мұндай ұшақты бір сағатқа жалға алу құны әдетте 18 000 доллардан асады.
Айта кетейік, Richard Mille RM UP-01 Ferrari брендіне тиесілі қол сағаты әлем бойынша тек 150 данамен сатылымға шығарылған.
Отабек Умаров мемлекекеттік қызметкер. Яғни, халық төлеп отырған салықтың арқасында жалақы алады. Алайда ол мұндай қымбат сағатты қандай ақшаға алды? Егер оның бизнесі болса, салық төлеп отыр ма?,-деп жазды басылым.