Өзбекстан президенті Палестина-Израиль қақтығысы туралы айтты

3 Қараша 2023, 13:21 1766

Түркі Мемлекеттері Ұйымының мерейтойлық Х саммитінің отырысында сөйлеген сөзінде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Палестина-Израиль қақтығысы туралы айтып, тараптарды соғыс қимылдарын тоқтатуға, атысты тоқтатуға және гуманитарлық мақсатта бітімге келуге шақырды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Таяу Шығыста ұзақ уақыт бойы жалғасып келе жатқан Палестина-Израиль қақтығысының өте қауіпті сипаты бәріміз үшін ерекше алаңдаушылық тудырады. Қарулы қақтығыстардың салдарынан бейбіт тұрғындар, әсіресе қарттар, әйелдер мен балалар арасында қаза тапқандар мен жараланғандар саны күрт өсуде. Жанжалдың кең өршу қаупі артып келеді, - деді Өзбекстан басшысы.

Ол Палестина тәуелсіз мемлекет құруға құқылы екеніне назар аударды.

Бұл мәселенің жалғыз әділ шешімі «екі халық үшін екі мемлекет» қағидаты негізінде қабылдануы тиіс. БҰҰ қарарларында анықталғандай, Палестина халқы тәуелсіз мемлекет құруға құқылы. Біздің ұйым аясында бүкіл әлемге осы мәселе бойынша бірауыздан ұстанымымызды жариялауымыз керек, - дегенді алға тартты Мирзиеев.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: