22.12.2023
18:01
11885
Өзбек боксшылары тойда Мырзағали Айтжановты аспанға лақтырды

Өзбек боксшылары тойда Мырзағали Айтжановты аспанға лақтырды

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Өзбекстанның танымал боксшыларының бірі Баходир Жалоловтың үйлену тойына барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Би кезінде ортада қалған отандық бапкерді боксшылар жан-жақтан көтеріп, аспанға лақтырды. Сонан соң былғары қолғап шеберлері Өзбекстан құрамасының бас бапкері Тулкин Киличевті де аспанға лақтырды.

Ұстаздардың ұшуы, - деп жазды видеоны салған өзбек маманы Озод Меджитов.

Айта кетейік, Жалолов – ауыр салмақтағы белді боксшылардың бірі. Ол жерлесіміз Қамшыбек Қоңқабаевтың байырғы қарсыласы.