Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр2023 жылғы 5 қыркүйекте сағат 00.31-де 101 пультіне Тайынша ауданы Краснокиевка ауылының жеке тұрғын үйлерінің бірінде өрт болғандығы туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өрт сөндіру бөлімі келген кезде тұрғын үйдің шатыры мен шаруашылық ғимараттары ашық жалынмен жанып жатты.
Өртті сөндіру барысында өрт сөндіруші-құтқарушы Киззат Джомартович Раисов үйді барлау кезінде газ баллон тауып алып, өз өмірін қатерге тігіп, қауіпсіз жерге шығарып, жарылысқа жол бермеді.
Өрт сөндіру бөлімі келгенге дейін өрт салдарынан 1973 және 1978 жылдары туылған 2 адам көміртегі тотығымен уланып, ауруханаға жатқызылды.
Өрт сөндіруші-құтқарушылардың сауатты әрекеттерінің арқасында өрт сағат 02 сағ. 14 минутта оқшауланып 03 сағ. 44 минутта жойылды. Өрттің ауданы 134 шаршы метрді құрады.
Өрттің алдын - ала себебі-мас күйінде отты абайсыз пайдалану (темекі шегу).
Өртті сөндіруге Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 7 өрт сөндірушісі мен 3 техникасы жұмылдырылды.
Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрттің алдын алу мақсатында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады:
- сөндірілмеген темекі мен сіріңке қалдырмаңыз!
- электр сымдары мен аспаптардың жарамдылығын бақылаңыз!
- бір желіге бірнеше электр аспаптарын қосуға жол бермеңіз!
- балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз және балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз!
- қоқысты бақылаусыз жағуға болмайды!
- ғимараттар мен құрылыстардан 50 метрден аз қашықтықта от жағуға болмайды!
- психикалық бұзылулардан, алкоголизмнен және нашақорлықтан зардап шегетін адамдарға ерекше назар аударыңыз!
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова