Отставкаға кеткен мемлекеттік қызметкерлер өз жұмыстарына орала ала ма?

Кеше, 11:25 435

Отставкаға кеткен мемлекеттік қызметкерлер бір жыл ішінде қайтадан қызметке орала алады. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов Сенаттың брифингінде айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құқықтық институт 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап қолданысқа енді. Сол мерзімнен бастап 36 саяси мемлекеттік қызметкер отставкаға кетуге өтініш берді. Оның 16-сы қабылданды, қалғандарына тәртіптік жаза қолданылды. Қызметкерлердің аттарын атап айта алмаймын, - деді Салауат Сыйлыбайұлы.

Салауат Мүксімовтің айтуынша, отставкадан кейін келетін азаматтардың қайта оралуы үшін мерзімдік шектеу қойылады.

Олар бір жыл ішінде қайта мемлекеттік қызметке орала алмайды, - деді төраға орынбасары.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: