Америкалық актер Адам Сэднлер Голливудтағы 2023 жылғы жалақы ең көп төленетін актерлердің тізімін бастады, үздіктер «үштігіне» Марго Робби мен Том Круз да енді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.
Бұл туралы рейтингті Forbes жариялады. Forbes-тің бағалауынша, Сэндлер 2023 жылы 73 млн доллар табыс тапқан. Оның табысының едәуір бөлігі Netflix-пен ынтымақтастықтан түсетіні аталған.
Рейтингте екінші орынды әлемдік прокатта 1,4 млрд доллардан астам табыс жинаған „Барби“ (Barbie, 2023) фильмінде ойнаған Робби иеленді. Актриса 2023 жылы 59 млн доллар табыс тапты, - деп жазды Forbes.
Үшінші орында тұрған Том Круздың табысы былтыр 45 млн долларға жеткен. Актер өзінің негізгі табысын жаңа фильмі «Миссия мүмкін емес: өлімге әкелетін есеп. Бірінші бөлім» (Mission: Impossible — Dead Reckoning Part One, 2023) атты жаңа фильмінің арқасында қол жеткізген.
Төртінші орынды Райан Гослинг пен Мэтт Деймонд өзара бөлісті, олардың 2023 жылы тапқан табысы — $43 млн.
Табысы жоғары актерлер «ондығына» сондай-ақ Дженнифер Энистон ($42 млн), Леонардо ДиКаприо ($41 млн), Джейсон Стэйтем ($41 млн), Бен Аффлек ($38 млн) және Дензел Вашингтон ($24 млн) кірді.