Өткен жылы электрондық дүкен арқылы 43 млрд теңгеге 185 мың сатып алу тіркелген

9 Ақпан 2023, 15:46 1275
Бұл туралы ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл ҚР Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Global Data barometr сәйкес мемлекеттік сатып алу деректерінің қолжетімділігінің әлемдік рейтингінде Қазақстан 109 елдің ішінде 3-орында.
«Бүгінде мемлекеттік сатып алу веб-порталында 100 мыңнан астам өнім беруші және 24 мыңнан астам тапсырыс беруші тіркелген. 2022 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алу көлемі 5,9 трлн астам теңгені құрады. Мемлекеттік сатып алулардағы шартты үнемдеу 632 млрд. теңгені құрады», - деді Дәурен Кеңбейіл.
Өткен жылы «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» жаңа заң қолданысқа енгізілді және «Мемлекеттік сатып алу туралы» қолданыстағы заң жаңартылды. Олар іс жүзінде сәтті жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.
 
«Мемлекеттік сатып алу шеңберін жетілдіру шеңберінде бәсекелестікті дамытуға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және сатып алу процестерін жеңілдетуге бағытталған бірқатар заңнамалық шаралар талқыланды. 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап құрылыс монтаждау жұмыстары және жаңалау жұмыстары бойынша сатып алулар рейтингтік баллдық жүйені пайдалана отырып, конкурстың жаңа тәсілімен жүзеге асырылды. Былтырғы жылдың шілдесінен бастап рейтингтің баллдық жүйе арқылы жалпы сомасы 225 млрд теңгені құраған 899 шарт жасалды», - деді Дәурен Кеңбейіл.
 
 
 
Миражан Махан
Бөлісу: