21.10.2022
09:27
1802
Өткен тәулікте елімізде 36 адамнан коронавирус анықталды

Өткен тәулікте елімізде 36 адамнан коронавирус анықталды

Елімізде өткен тәулікте 36 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, деп хабарлайды El.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 978 адам коронавирус инфекциясынан (–828+ және 150 КВИ-) емделіп жатыр.

Оның ішінде 108 пациент стационарда, 870 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

- 3 адамның жағдайы ауыр,

- 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Әлемдегі ахуалға тоқталар болсақ,  бір тәулікте Бразилияда 5096, Мексикада 2226, Колумбияда 610 жағдай тіркелген. Бұл коронавирус індетінің әлі де басылмай тұрғандығын көрсетеді.