22.02.2023
09:00
1065
Өткен тәулікте 90 адамнан коронавирус анықталды

Өткен тәулікте 90 адамнан коронавирус анықталды

Өткен тәулікте Қазақстанда 90 адам коронавирус індетін жұқтырды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Денсаулық сақтау министрлігінің 22 ақпандағы мәліметінше, 1 612 адам коронавирус инфекциясынан (–1 447+ және 165 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 115 пациент стационарда, 1 497 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

«КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 2 адамның жағдайы ауыр, 4 пациенттің жағдайы өте ауыр, 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», - деп жазды ведомстводан.