16.01.2023
09:22
1695
Өткен тәулікте 56 адам коронавирус жұқтырды

Өткен тәулікте 56 адам коронавирус жұқтырды

Өткен тәулікте 56 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Денсаулық  сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

16 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 159 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, олардың ішінде 220 пациент стационарда, 1 939 науқас амбулаториялық деңгейде.

«КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 8 адамның жағдайы ауыр, 6 пациенттің жағдайы өте ауыр, 4 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», делінген министрлік хабарламасында.