Өткен тәулікте Қазақстанның төрт облысында жиналған шөптің өртену дерегі тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атап айтқанда, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында 6 өрт жағдайы орын алды.
Төтеншеліктер барлық өңірдегі өрттерді толықтай сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.
Осыған орай ТЖМ шөпті тұрғын үйлерден, шаруашылық құрылыстар мен жолдардан неғұрлым алыс жерлерде сақтау қажет екенін ескертеді.