Өткен тәулікте 36 адамнан коронавирус анықталды

19 Наурыз 2023, 10:02 815

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті

Қазақстанда өткен тәулікте 36 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

19 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 801 адам коронавирус инфекциясынан (–1 628+ және 173 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 135 пациент стационарда, 1 666 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 2 адамның жағдайы ауыр,

• 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр. 

EL.KZ
Бөлісу: