Өткен тәулікте 180 адам коронавирус жұқтырды

11 Желтоқсан 2022, 09:40 969

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті

Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте коронавирус жұқтырған адамдардың санын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясын 180 адам жұқтырғаны тіркелді. 

11 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 1 849 адам коронавирус инфекциясынан (–1 635+ және 214 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 263 пациент стационарда, 1 586 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 7 адамның жағдайы ауыр,

• 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр. 

EL.KZ
Бөлісу: