Өтімді тауар, тиімді бизнес: табысқа толы инста-әлем

2 Желтоқсан 2023, 12:00 3414

Инстаграм әлеуметтік желісі бастапқыда адамдардың қызық сәттерінен естелік болып қалатын онлайн альбом қызметін атқарды. Уақыт өте келе танымал желі табыс табудың сәтті құралына айналып кетті. Назарды өзіне аудартып, көбірек табыс табу үшін инста блогерлер мен онлайн кәсіпкерлер қандай қадамға болсын баруға дайын. Оған себеп те жоқ емес. Өйткені, инста - әлем қып-қызыл табыстың көзі. Бірі ақыл сатып, бірі тауар сатып, байып жатқандардың қарасы қалың. Инстаграм әкімшілігі жасаған зерттеу нәтижелеріне сәйкес, инста-блогерлердің арасында бір фотоға 100 мың долларға дейін ақша жұмсайтындары да бар екен. Осы орайда Қазақстанда да инста әлемдегі сауда қызып тұр. Еліміздегі онлайн кәсіптің бүгіні мен болашағы қандай, зерттеп көрдік.

Қазақстандықтар саудадан жақсы табыс тауып отыр

Танымал желі жасаған статистикаға сәйкес, онлайн саудамен айналысатындардың 24%-ы бұл салаға енді қадам басып жатқандар. Олардың тәжірбиесі 1 жылға жетпейді. 14%-ы 1 жылдан 2 жылға дейін онлайн саудамен айналысып жүргендер. 10%-ы 2 жылдан 3 жылға дейін. Жыл сайын инста-кәсіпкерлер саны 10%-ға артып отырады. 42%-ы онлайн саудада 3 жылдан 10 жылға аралығында жұмыс істеп, өз аудиториясы қалыптасып үлгерген ірі ойыншылар. Сарапшылардың пікірінше, ірі ойыншылардың басымдыққа ие болуы жоғары қызмет пен сапалы өнім болуына жақсы жағынан ықпал етеді.

Ең көп қандай өнім сатылады?

Ең көп сатылатын тауар – косметика өндірісі. Инста-пайдаланушылардың көпшілігі мақсатты аудиториясына сұлулық пен денсаулық категориясын таңдаған. 100 мың тауарға тапсырыс берген. Екінші орында – әйелдер киімі. Сатып алушылар 86 мың тауарды сатып алған. Үшінші орында – дәрі-дәрмек пен дәрумендер. 85 мың өнім сатылған. Төртінші техника мен электроника. Төртінші – балалар киімдері.

Кәсіпкерлердің басым бөлігі – ерлер

Кәсіпкер ретінде тіркелгендердің 70%-і ерлер. Мұндай статистиканы Орта Азия мемлекеттерінен де байқауға болады. Украинада да көрсеткіштер осындай. Онлайн бизнесте ерлер белсендірек. Бірақ кәсіп ер азаматтың атына тіркеліп, оны жүргізетін әйелі болатын жағдайлар жиі кездеседі. Әйел кәсіпкерлер үлесі – 28%. Әйелдер көбіне сұлулық пен денсаулық, киім-кешек, әшекей бұйымдары, балаларға арналған тауарлар сату саласында белсенді.

Инстаграмда тіркелгендер кәсіпкерлер арасында алматылықтар бірінші орында

Маркетплейсте тіркелгендердің басым бөлігін алматылықтар құрайды. 5,7 мың кәсіпкер тіркелген, 77%-ын құрайды. Екінші орында – Астана, 19%-ы. Үшінші орында – Алматы облысы.

Инстаграмдағы ақша табу кезінде қажетті кеңестер

Табысқа жету үшін талмай еңбек ету

Кәсіпті жаңадан бастағандар назардан тыс қалдыратын тағы бір маңызды ереже – нәтиже ә дегеннен бола қалмайтынын ескеру керек. Табысты блогерлердің жылтыраққа толы өміріне қарап ақшаны оп-оңай табуға болады деп ойлайды. Бірақ бизнес онлайн немесе офлайн болғанына қарамастан, көп еңбек сіңіруді талап етеді. Профильде үнемі жаңа контент болуы керек.  Ең бастысы – тұрақтылық пен жүйелелік. Парақшаңызғаи үнемі қызықты контент салып отыру керек.  Жаңадан келгендер инстадағы табыс туралы ақпаратпен ғана хабардар болып, үлкен еңбек пен шыдамға дайын болмай жатады. Осының кесірінен қызығушылығын жоғалтып, бірінші кедергіден-ақ тауы шағылады.

Алдымен қажетті дағдыларды меңгеру

Желіде ақша табуды бастамас мынандай дағдыларды меңгеріп алу артық етпейді:

SMM және желіні жылжыту. Профильдің тез танымалдыққа ие болып, өз аудиториясын табуы үшін сиқырлы SMM мен ілгерілетудің негіздерін білуі керек;

Қызықты контент идеялар дайындау. Ең бастысы – контент мазмұны. Әлеуметтік желіде парақшалар өте көп, олардың арасынан суырылып шығу үшін ерекше идея керек. Фотосурет, видео, жазба барлығы маңызды.

Тауарлар мен қызметтерді сатудың тиімді жолы – инстаграм

Қазір әлеуметтік желідегі профильдердің басты бөлігін интернет дүкендер құрайды. Фотосурет, пост, әлеуметтік желіге тікелей сілтеме сияқты инстаграмның мүмкіндіктері бизнесті дамытуға тиімді ұсыныс. Адамдарға өзіңізді таныстыруда инстаграмды тиімді пайдалануға болады. Қызығушылық танытқан жазылушы сіздің инста аккаунтыңызға жазылып, үнемі бақылап отыра алады. Жазылушының әрқайсысы әлеуетті сатып алушы.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: