29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыБұл туралы Шерзат Болаттың ісі бойынша прокурор Ержан Құрақбаев мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Талдықорғандағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шерзат Болаттың ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Бұл іс бойынша 9 адамға айып тағылып отыр. Олардың бірі – кәмелетке толмаған.
Күдікті өзімен бірге алып келген ас үй пышағын пайдаланып, Шерзат Болатты қазаға ұшыратуды ойлаған. Қылмыстық ойын іске асыру үшін Шынасыл Болаттың, Нұрымов пен анасының, әжесінің көзінше жүрек тұсына бір рет пышақ сұғып алған. Салдарынан Шерзат Болат асфальтқа отырып қалған, – деді прокурор Ержан Құрақбаев.
Сот отырысы алқабилерсіз қаралып жатыр. Сотталушылар іске алқабилерді тартуға қарсы болды.
Сотта процесті Талдықорғанда емес, қылмыс болған Талғарға жақын Қаскелеңде өткізу туралы өтініш жасалды, алайда судья Ержан Жанұзақов Қарасай ауданында тергеу изоляторы жоғын айтып, бұл өтінішті қанағаттандырмады.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек