Отандық жас боксшылар Сербиядағы турнирде бес медаль жеңіп алды

4 Қыркүйек, 20:39 366

Сербияның Суботица қаласында бокстан халықаралық турнир аяқталды. Аталған сында қазақстандықтар бес медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Жастар арасындағы турнирге Қазақстаннан тоғыз спортшы қатысып, оның бесеуі жүлдеге ілікті. 

Атап айтар болсақ, Дәулет Боранқұлов (51 келі), Рамазан Орынбасар (54 келі), Әділет Ерманов (54 келі), Жәңгір Алдаберген (67 келі) және Даниял Райымбеков (92 келі) турнирдің қола жүлдегерлері атанды. 

Бес боксшы да жартылай финалда жеңіліс тапты. 

Еске салайық, Сербиядағы халықаралық бәсекеге  Қазақстан, Грузия, Әзербайжан, Словения, Австрия, Шотландия, Беларусь, Черногория, Босния және Герцеговина, Румыния, Латвия, Польша, Косово, Ресей және Сербиядан боксшылар қатысты. 

Зарина Арман
Бөлісу: