16.07.2025
20:12
4388

Отандық теннисші Швейцариядағы турнирді жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Гштаад (Швейцария) қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Отандасымыз алғашқы айналымда швейцариялық Стэн Вавринкамен өзара мықтыны анықтады.

Матч 1 сағат 15 минутқа созылды.

Нәтижесінде, Александр Шевченко 7 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланып, 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Шевченко ширек финалға шығу үшін отандасымыз Александр Бубликпен кездеседі.