27.09.2025
02:14
434
Отандық таеквондошы әлемдік рейтингтегі бірінші орнын сақтап қалды

Отандық таеквондошы әлемдік рейтингтегі бірінші орнын сақтап қалды

Халықаралық таеквондо федерациясы әлемдік рейтингті жаңартты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Қазақстандық Самирхон Абабакиров тізімде алғашқы орнын сақтап қалды. Ол 63 келіге дейінгі салмақта көш бастап тұр.

Сонымен қатар Қазақстан құрамасының тағы үш өкілі үздік ондыққа енді. Бейбарыс Қаблан (+87 келі) жетінші орынға тұрақтады.

Батырхан Төлеуғали (80 келіге дейін) сегізінші орынға көтерілді.

Нодира Ахмедова (49 келіге дейін) оныншы орынға жайғасты.