05.12.2022
23:17
1759
Отандық спортшы конькимен жүгіруден төрт құрлықтың жеңімпазы атанды

Отандық спортшы конькимен жүгіруден төрт құрлықтың жеңімпазы атанды

Надежда Морозова Канаданың Квебек қаласында өтіп жатқан конькимен жүгіруден төрт құрлық турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды El.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Надежда Морозова 1500 метр қашықтықта бірінші болды. Екатерина Айдова бағдарламаның осы түрінде екінші орынды иеленді. Дмитрий Морозов 1500 метрге жүгіруде екінші нәтиже көрсетті, - делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, бұған дейін Виталий Щиголев алтын (5000 метр), ал Надежда Морозова күміс  (3000 метр) еншілеген болатын.