Отандық садақшылар Түркиядағы жаттығуын аяқтады

5 Наурыз, 05:29 830

Садақ атудан Қазақтан командасы Түркиядағы жаттығу базасынан елге оралды. Спортшылар 18 күн бойы дайындық кезеңін өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Olympic.kz-тің жазуынша, жаттығу жиынына классикалық садақ атудан 15 спортшы қатысты. Олардың қатарында Париж Олимпиадасына жолдама алған спортшылар да бар. 

Қазіргі таңда садақ атудан Қазақстан командасы әлем кубогі кезеңідеріне дайындалуда. Әлем кубогінің бірінші кезеңі Қытайда, екінші кезеңі Оңтүстік Кореяда өтеді. 

Одан бөлек, Қазақстан командасы садақ атудан Азия кубогіне қатысып, әйелдер арасында сарапқа салынатын Олимпиада жолдамасына таласып көреді.

Зарина Арман
Бөлісу: