20.04.2025
19:00
1360
Отандық гимнастшылар әлем кубогының кезеңінде қола медаль алды

Отандық гимнастшылар әлем кубогының кезеңінде қола медаль алды

Әзербайжанның Баку қаласында өркем гимнастикадан топтық жаттығулар бойынша Әлем кубогының кезеңдік финалдары аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық «Фурор» командасы 5 лентамен өнер көрсеткен финалда 21.850 ұпай жинап, қола медаль жеңіп алды.

Финал нәтижелері (5 лента бойынша):
1. Қытай — 25.150
2. Израиль — 23.000
3. Қазақстан — 21.850

Бұл жарысқа Қытай, Израиль, Болгария, Түркия, Италия, Финляндия, Украина және Қазақстан құрамалары қатысты.