26-28 қыркүйек аралығында Венгрияның Сомбатхей қаласында спорттық гимнастикадан Challenge кубогының кезеңі өтеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Халықаралық гимнастика федерациясы жарысқа қатысатын командалардың алдын ала құрамын жарияланып отыр. Бұл турнирде еліміздің намысын төрт спортшы қорғайды. Олардың қатарында Милад Карими, Дмитрий Патанин, Роман Мастеров және Диас Тойшыбек жүлде үшін сынға түседі.
Айта кетейік, жуырда ғана Парижде (Франция) өткен кезеңде Нариман Курбанов ат снарядында орындалатын жаттығуда алтын медаль жеңіп алған еді.