Отандық дзюдошылар Азия чемпионатының алғашқы күнін алты медальмен аяқтады

31 Тамыз, 02:45 676

Оңтүстік Кореяның Мунген қаласында дзюдодан кадеттер арасындағы Азия біріншілігі өтіп жатыр. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстандық балуандар алты медальға қол жеткізді. 

Алғашқы жарыс күнінде ел қоржынына бір алтын және бес қола медаль түсті. 

55 келідегі Сейітжан Мамытов Азия чемпионы атанса, Алтынбек Қонысбай, Ульяна Пряхина, Сымбат Тағай, Кира Хегай және Жанайым Маратбек жарысты үшінші орынмен аяқтады. 

Зарина Арман
Бөлісу: