Отандық археологтар СҚО-да бірегей көне құрылымдар тапты

24 Маусым, 19:39 548

Kozybayev University ғалымдары қатысқан Солтүстік Қазақстан облысындағы Долматово ауылының маңындағы археологиялық экспедициясының 20-далалық маусымы аяқталуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, 1968 жылы археолог Анатолий Плешаков ашқан Ақ Ирий қалашығындағы далалық лагерьде 50-ге жуық студент ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысады. Қазба жұмыстары 36 жылдан кейін жүргізіле бастады. Жыл сайын экспедиция нәтижесінде ерте темір дәуіріне жататын ежелгі адамдардың бірегей қоныстары туралы жаңа тарихи деректер ашылады. Ел аумағындағы сақ кезеңінің Солтүстік қалашығы өзіндік бекініс ретінде қызмет атқарған. Ол биік үшбұрышты мүйістің үстінде орналасқан, екі жағынан өзеннің жартастарымен қоршалған және бекіністермен бөлінген, осылайша алынбайтын бекіністі бейнелейді.

Бастапқыда ғалымдар қазба жұмыстарын қалашықтың өзінде жүргізді. Тұрмыстық заттар, жануарлардың сүйектері, т.б. табылды. Қазір археологтар одан алыс орналасқан құрылымдарды зерттеп жатыр.

Бірінші құрылымда оның көлемі мен күмбезді қабырғалары өте анық көрінеді. Кірпіштерге қарағанда бұл орта ғасырға жатады. Құрылымның түбіне жету үшін 3 жыл қатарынан қазып жатырмыз. Қазірдің өзінде металл өндірісін айқындайтын қож және нысанның қабырғаларында пайда болған смальтадан ұзақ жандыру процесінің болғанын байқаймыз. Сондай-ақ жақын жерден табылған сиыр мен жылқының қалдықтары етті ыстау процесін қолданғанын көрсетеді. Нысанды металл балқыту және ет ыстау мақсатында пайдаланған сияқты. Өз басым Еуразиялық кеңістікте мұндай құрылымдар табылғанын білмеймін. Бұл ескерткіштің жаңа түрі болмақ. Алда талай жұмыс жүргізетін боламыз, - деп бөлісті Қозыбаев университетінің профессоры Анатолий Плешаков.

Ғылыми зерттеулер Ә.Марғұлан атындағы Археология институты СҚФ және Солтүстік Қазақстан облыстық өлкетану мұражайымен бірлесіп жүргізілуде.

Студенттердің далалық лагерьдегі тәжірибелері 3 аптаға созылады. Бұл олардың ежелгі артефактілермен жұмыс істеудің ерекше тәжірибесі. Мұнда білім алушылардың зерттеу дағдылары қалыптасады. Болашақ тарихшылардан басқа практиканы астрофизиктер де өтеді. Олар жұлдызды аспанды зерттейді, бақылау және деректерді жинау процесін жүргізуді үйренеді.

Зарина Арман
Бөлісу: