Отандық телеарналардан «Киелі Қазақстан. Мыңжылдықтар мұрасы» деректі фильмін көрсетеді, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Президент телерадио кешені мәлімдеді.
«Ежелгі Сарайшық қаласының орнында белгісіз мола табылды. Тарихшылар ол жерде әйгілі қазақ билеушісі Қасым хан жерленгеніне сенімді. Қытай мен Ресей билеушілері құжат жүзінде таныған қазақтың ең соңғы ханы кім? Ол Алаш баласын бір тудың астына біріктіре алды ма? Тарихи деректерге негізделген сакралды нысандар туралы «Киелі Қазақстан. Мыңжылдықтар мұрасы» деректі фильмін көріңіздер!» делінген хабарламада.
Деректі фильм 23 шілде күні 14:35-те «QazaqTV», 27 шілдеде 12:50-де «Хабар» арнасынан, 31 шілдеде 20:00-де «Евразия» арнасынан көрсетіледі.