Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Мәдениет және спорт министрлігі биыл тағы үш визит-орталықтың құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр. Бұл туралы министрліктің әлеуметтік желідегі парақшасында шығатын «Тікелей эфир» айдарында Тарихи-мәдени мұра басқармасының басшысы Жанат Сеидалиева мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Тікелей эфир қонағы Қазақстандағы визит-орталықтардың жұмысы туралы айтып, желі қолданушыларының сұрақтарға жауап береді.
«2023 жылы үш визит-орталықтың құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Ол «Сауран», «Гаухар-ана» және «Ордабасы» туристік оралықтары. Аталған тарихи визит-орталықтардың үшеуі де еліміздің рухани астанасы - Түркістан облысында орналасқан»,- деді Жанат Сеидалиева.
«Сауран» қалашығы Түркістан қаласынан 40 шақырым жерде. Мұнда келушілер мен туристерге қызмет көрсету үшін заманға сай инфрақұрылым жасалады. Ал, «Гаухар-ана» кесенесі - Орта Азия аумағындағы әйелдер құлшылық жасауға арнайылап келетін орын. Визит-орталықта қонақтарға жайлы жағдай жасау үшін түнеуге арналған орындар қарастырылған. «Ордабасы» аумағында да визит-орталықтың құрылысы белсенді жүріп жатыр.
«Визит-орталықтар бірінші кезекте ғылыми, мәдени, ақпараттық кешендер ретінде пайдаланылатын болады. Мұнда туристер үшін барлық қолайлы жағдай жасалады. Бұдан бөлек жергілікті жердің мәдени-туристік кластерін дамытуға, өңірдің брендке айналған тарихи-мәдени және табиғи ресурстарды пайдалана отырып, имидждік, туристік өнімдерді жасауға үлкен мүмкіндік»,- деді Тарихи-мәдени мұра басқармасының басшысы Жанат Сеидалиева.
Бүгінгі таңда Қазақстанда үш визит-орталық толық қарқында жұмыс істеп жатыр. Ол Алматы облысындағы «Таңбалы», Ұлытау облысындағы «Ұлытау» және Түркістан облысындағы «Отырар» орталықтары.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары