Қостанайда жоғалған қызды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр

9 Тамыз 2022, 22:33 1204

Жедел штабтың сағат 16.00-де таратқан ақпарат бойынша, қыз әлі табылған жоқ.

Қостанай қаласында із-түзсіз жоғалған бес жасар Мәдина Ерланқызын іздеу шаралары аясында егістік алқаптың әр жеріне су мен тамақ байланған шарлар қалдыру жөнінде шешім қабылданды. Кешкі уақытта егістік алқаптың үстінен дельтапландар ұшырылады, деп хабарлайды El.kz.

Жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Оған Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Гауез Нұрмұхамбетов қатысқан.

Жедел штабтың сағат 16.00-де таратқан ақпарат бойынша, қыз әлі табылған жоқ.

– Сағат 16.00-дегі іздеу аймағы Жамбыл ауылы - Тобыл өзені, Алтын дала ауылы, Қостанай қаласы, Самир ауылы. Іздестіру төрт бағытта жүріп жатыр. Штаб отырысында егістікке азық-түлік пен су қалдырып, оларға әуе шарларын байлау ұйғарылғаны айтылды. Бұл іздеу жүйелері үшін сигнал беретін нұсқа болады. Әр өрісте осы процесті бақылайтын бақылаушылар бар. Әуеден бақылау жалғасып жатыр, – делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, кешкі алтыдан кейін баланы іздеуге көмекке келген Рудный дельтаклубының нұсқаушылары алаңдарды жоспарлайды.

Бөлісу: