Қостанайдағы өрт: Зардап шеккендерге азық-түлік жіберіліп жатыр

4 Қыркүйек 2022, 05:39 1015

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын атап өту үшін сатып алынған және Торғайға жіберілген азық-түліктің барлығы орман өртінен зардап шеккен Әулиекөл тұрғындарына жөнелтіледі, деп хабарлайды El.kz.

Қостанай облысының әкімдігі осы кезде Торғайдан Әулиекөлге жөнелту үшін жүк көліктеріне азық-түлік тиеліп жатқанын хабарлады.

Сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен Әулиекөл ауданының өрттен зардап шеккен тұрғындарына азық-түлік, гигиеналық және көрпе-төсек заттарын жіберу жұмыстары ұйымдастырылады.

Бөлісу: