Қостанайдағы өрт: Озерный кентінің тұрғындары эвакуацияланды

3 Қыркүйек 2022, 18:02 1206

Қазіргі уақытта тілсіз жауды ауыздықтауға 300-ге жуық адам, 100-ден астам техника жұмылдырылған

Қостанай облысы Басаман ҚМУ аумағында пайда болған ірі орман өртін сөндіру екінші тәулік бойы жалғасуда, деп хабарлайды El.kz  Экология министрлігіне сілтеме жасап.

Өртті сөндіруге “Қазавилесоохрана” РМҚК, орман мекемелерінің, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының ТЖД күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта тілсіз жауды ауыздықтауға 300-ге жуық адам, 100-ден астам техника жұмылдырылған. 

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Е.Құтпанбаев оқиға орнында, штабта өрт сөндіру бойынша тактикалық шешімдер қабылдануда. 

Өрт мемлекеттік орман қорының 2000 гектардан астам жерін қамтыды.

17 сағат 30 минуттағы ақпарат бойынша Новонежинка ауылының маңында өрт  тоқтатылды.

Ал, Озерный  кентінде 50-ге жуық үй жанып жатыр. Тұрғындар эвакуацияланды.

Бөлісу: