Қостанайдағы өрт: Облыс әкімі мен министр қазіргі жағдай туралы айтты

4 Қыркүйек 2022, 02:36 1172

Қостанайлық өрт сөндірушілерге көмекке Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарынан қосымша күштер мен құралдар келді.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин оқиға орнында өткізген баспасөз мәслихатында Қостанай облысында жағдай тұрақты екенін айтты, деп хабарлайды El.kz.

«Жағдай бақылауда. Қазіргі уақытта өрт аумағы 9 мың гектардан асады. Таңертең рейс жасалады. Сондай-ақ, аэроғарыштық фотосуреттер өрт аймағының көлемін нақтылайды», - деді министр Юрий Ильин.

Оның айтуынша, жақын маңдағы елді мекендерден адамдар эвакуацияланған. Бірде-бір адам зардап шекпеді. Қостанайлық өрт сөндірушілерге көмекке Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарынан қосымша күштер мен құралдар келді. Қарағанды ​​облысынан, елордадан келген әріптестер жолға шыққан.

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов ендігі басты мақсат адам өмірін сақтап қалу екенін айтты.

«Уақытылы көмек көрсетіледі. Адамдар әлеуметтік нысандарға – екі мектеп пен интернатқа орналастырылды. Олар тамақпен, сумен қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта дәрігерлер мен психологтар жұмыс істеп жатыр. Ендігі басты мақсат – өртті тезірек сөндіру», - деді Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов.


Бөлісу: