Қостанайдағы орман өртінен бір адам қаза тапты

4 Қыркүйек 2022, 11:02 1461

Министрдің айтуынша, марқұмды эвакуациялау кезінде учаскелік инспектор хабардар еткен.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин бүгін брифинг барысында Аманқарағайда тұрғын үйлерге тараған орман өрті салдарынан бір адам қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz.

«Төтенше жағдайдың салдарын жоюға тартылған жергілікті атқарушы органдар мен ведомстволардың дер кезінде қабылдаған шараларының нәтижесінде кеше қауіп төнген елді мекендерден 1800-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Сағат 00:00-дегі жағдай бойынша зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ. Бүгін таңертең Аманқарағай ауылында үйіндіні тазарту кезінде 1936 жылы туған мүгедек адамның қайтыс болғаны анықталды», - деді Төтенше жағдайлар министрі.

Министрдің айтуынша, марқұмды эвакуациялау кезінде учаскелік инспектор хабардар еткен. Бірақ ол бас тартқан. Соған қарамастан адам өліміне қатысты тергеу амалдары жүргізілетін болады7

Бөлісу: