Қостанайлық тілшілердің үздік этникалық тұрғыдағы журналистік жұмыстары Астанаға жолданды.
Облыстық Достық үйінде журналистика саласы бойынша «Шаңырақ» шығармашылық байқауының өңірлік кезеңінің нәтижесі шығарылды.
«Өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу және мәдениеттерді тоғыстыруға арналған үздік материал» номинациясы бойынша жеңіске алты тілші үміткер болды. Комиссия үш қатысушыны - орыс тіліндегі үздік телеарналық сюжеттері үшін Ярослава Богатыреваны ("Алау-ТВ" ТРК), мемлекеттік тілдегі үздік сюжеттер үшін Заңғар Санайды ("Астана қ. телеарнасы"), үздік баспа материалдары үшін Дилара Аронованы ("Костанайские новости" ЖШС) іріктеп алды.
Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейте отырып, насихаттауға бағытталған «Үздік материал» номинациясы бойынша екі тілшінің жұмысы қаралды. Диана Лизунованың (Лисаков телеарнасының «Акцент» ЖШС) жұмысы үздік деп танылды.
«Ассамблеяның қызметі мен жобаларының жаңа бағыттарын айқындайтын үздік материал» номинациясы бойынша екі жұмыс қаралды. Жолдыбекова Ләззаттың («Қостанай-АГРО» өңірлік газеті) жұмысы марапатқа ие болды.
Облыстық Достық үйінің қауымы Қостанай облысының тілшілеріне құрмет таныта отырып, татулық пен келісімнің қара шаңырағымен ынтымақтастық орнатып, іс-шараларына қатысып, ауқымды да өзекті ақпаратпен халықпен бөлісетін телеарна, радио және баспа БАҚ тілшілеріне алғыс хаттар табыстады.