Қостанай тұрғындары тегін байланыспен қамтамасыз етілді

5 Қыркүйек 2022, 15:04 1283

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі отандық байланыс операторларымен бірлесіп, ауқымды орман өрті орын алған Қостанай облысының барша тұрғындары үшін тегін ұялы байланыс қызметтерін қамтамасыз етті, деп хабарлайды El.kz министрлікке сілтеме жасап.

«​Атап айтқанда, Kcell/Activ, Beeline, Altel/Теле2 операторлары тұрғындарға тегін ұялы байланыс трафиктерін жолдады. Осылайша өңір тұрғындары жақындарымен еш кедергісіз байланыс орната алады.

​Бұдан бөлек, өрттерді сөндіруге жұмылдырылған шұғыл қызметтердің жұмысын қолдау барысында Tele2/Altel операторы ТЖМ қызметкерлерін байланыспен қамтамасыз ету мақсатында арнайы мобильді базалық станцияны орналастырды.

Қостанай облысының тұрғындарын өрт апаты салдары жойылғанша сапалы байланыспен қамтамасыз ету мәселесі біздің ведомствоның тікелей бақылауында. Біз отандастарымызға өз тарапымыздан қолдау көрсету бағытында тиісті шараларды жүзеге асырамыз», - делінген хабарламада.

Бөлісу: