Қостанай облысының оқушыларына медиация туралы айтып, оның жұмыс істеу принциптерін тәжірибе жүзінде көрсетті

8 Сәуір 2019, 06:30 2455

Бірінші семинар-тренингті 60 мектеп оқушысы үшін Қостанай облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының спикерлері Сергей Богатырев, Ольга Евдокимова және Руслан Мурзагалиев өткізді.

Семинарда түрлі деңгейдегі білім мекемелерінде (қызметкерлер, оқушылар немесе ата-аналар арасында) туындайтын шиеленістердің ерекшеліктері, сондай-ақ олардың шешу тәсілдері талқыланды. Ольга Евдокимова және Сергей Богатырев мектеп ұжымында дау-жанжалсыз қарым-қатынасты қалай үйрену, қандай тәсілдер қолдану керектігін айтты. Егер семинарға қатысушы үлкендер белсенділік танытып барлығын жазып отырса, балалар алған білімдерін сол жерде тәжірибе ретінде қолданды. 

«Мектепте балалар арасында даулар жиі болып тұратыны белгілі. Сондықтан, Қазақстанның орта білімді оқу орындарында мектеп медиациясын енгізу шешімі қабылданған болатын. Қазіргі оқушылардың мәселелері ата-аналардың қамқорлығында бірінші жоспарда, өйткені ересек балалар арасындағы бүгінгі шиеленістер әлеуметтік, гендерлік және ұлтаралық сипатқа ие бола бастады. Осы негіздегі қақтығыс көп жағдайда кері әсерін тигізіп жатады. Сол себепті балалардың әрқайсысына өздерінің жолдастарына жауапты болып, келіссөздер арқылы туындаған шиеленістерді шешуді үйретуге тиісті» деді, – облыстық Достық Үйінің бөлім басшысы Руслан Мырзағаиев.  

Жаттығу кезінде Руслан Мырзағалиев балалармен бірге делдалдың негізгі қасиетін пысықтады:  пікір айтудағы бейтараптылық және келіссөздегі ұстаным, сынаудағы тұрақтылық. Шиеленістегі тараптардың жағдайын, оны шешу үшін олардың қарым-қатынас процессін басқаруды талқыладық, ал зерделілік ойындар балаларды қызықтырып, позитив туғызды.

«Қазіргі уақытта мектеп медиациясы өте қажет. Семинарда шиеленісті шешу бойынша көптеген пайдалы ақпарат алдым. Ол маған өмірде қажет болады деп ойлаймын. Біздің спикерлерге қызықты және қолжетімді тілмен маңызды құрал – медиация туралы айтқандарына алғысымды білдіремін», – деп 10 сынып оқушысы Диана Нурушева ойымен бөлісті.

Бөлісу: