Қостанай облысында жоғалған қыздың денесі табылды

10 Тамыз 2022, 18:59 984

7 тамызда Қостанай облысында 2017 жылы туған қыз жоғалып кеткен болатын

Бала өлімі туралы ақпаратты Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды El.kz

«Қыз суға батып кетті. Толық ақпарат кейінірек береміз», деді ведомствоның баспасөз қызметі. 

Еске салсақ, 7 тамызда Қостанай облысында 2017 жылы туған қыз жоғалып кеткен болатын. Таңғы бестер шамасында қыз Жамбыл ауылындағы үйден шығып кеткен. 

Қыздың анасы полицияға баланы 18 және 13 жастағы үлкен әпкелері қарайтынын айтқан. Таңертең оянса, олар үйден сіңлісін таппай қалған. Кейін қыз баланың терезеден шығып кеткені анықталды.






Бөлісу: