Басаман және Семиозер ОШММ аумақтарында шыққан өрттің жалпы ауданы шамамен 43 мың га құрады, деп хабарлайды El.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айта кетейік, ірі өрт басталғаннан бері Қостанай облысының 4 кентінен - Аманқарағай, Лесное, Озерное және Бағаналыдан барлығы 2091 адам эвакуацияланды. Жедел штабтың мәліметінше, 90-ға жуық тұрғын үй өртке оранған.
Қостанай облысында орман өрттері фактілері бойынша Ішкі істер органдары қылмыстық кодекстің 341-бабы (ормандарды жою немесе бүлдіру) және 2-бөлімнің 204-бабы (Бөтен мүлікті абайсызда жою немесе бүлдіру) бойынша қылмыстық істер қозғады.