Қостанай облысында субсидияларды ұрлау фактісі анықталды

25 Тамыз 2022, 10:38 989

161 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғандарға сот үкімі шықты

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті агроөнеркәсіп кешеніндегі субсидияларды ұрлау фактісін анықтады, деп хабарлайды El.kz агенттікке сілтеме жасап.

«Шығыс Запад» ЖШС директоры Нетесов А.А., сонымен қатар Әнуарбеков Ж.А. және Асанов Д.М., 2018-2019 жылдар аралығында мемлекеттік бағдарлама аясында облыстағы шаруа қожалықтарының басшыларын алдап, 161 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған. 

Мемлекеттің агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне инвестициялық субсидия ретінде бөлген ақшасы келесі схема бойынша ұрлық нысанасына айналды: тұлғалар фермерлермен өздері хабарласып, олардың атынан өтініштер мен қаржылық құжаттарды толтырды, оларда жайылымдық суару үшін жеткізілген техниканың бағасы екі есеге көтеріліп, айырмасы ұрланған. 

Сот бұл іс бойынша барлық айыпталушыларды құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 5 және 6 жылға бас бостандығынан айырды және сот залында қамауға алынды.

Бөлісу: