15.10.2022
16:19
1375
Қостанай облысында өрттен жапа шеккендер жақында жаңа үйлерге қоныстанады

Қостанай облысында өрттен жапа шеккендер жақында жаңа үйлерге қоныстанады

Мемлекет басшысы Қостанай облысында өрттен зардап шеккен отбасыларға 2,5 ай мерзімде жаңа баспана салып беруді тапсырған болатын. 

16 қыркүйекте Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Әулиекөл ауылына барып, құрылыс жұмыстарымен танысты.

 "7 қыркүйекте 13 мердігерлік ұйым жұмысқа кірісті.  Үкімет 2,2 миллиард теңгеден астам қаражат бөлді. Құрылыс жұмыстарына 930-дан астам жұмысшы тартылған.  Қазір 91 үйдің төбесі жабылып, жылу жүйелері жүргізілді", - деп жазды Үкіметтің  Telegram арнасы.