Қостанай облыстық сотының судьясы ірі көлемде пара алып жатқан жерінен ұсталды,– деп хабарлайды El.kz порталы ҚР Жоғарғы сотының ресми сайтына сілтеме жасап.
«Биылғы 17 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Жоғарғы соттың Ішкі қауіпсіздік бөлімінің өзара іс-қимылы нәтижесінде Қостанай қаласында Қостанай облыстық сотының судьясы ірі көлемде пара алу кезінде ұсталды.
Ақша мүдделі тараптың пайдасына соттың оң шешімін алу үшін көзделген.
Басқа ақпарат тергеудің мүддесіне орай жарияланбайды», - делінген ұсынылған хабарламада.
ҚР ҰҚК-нің Тергеу департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр.