Қостанай облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі алқа төрағасы Асқар Дарбаев екі айға қамалды. Бұл жөнінде Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
41 жастағы Дарбаев 17 тамызда ұсталған. Судьяның ұсталғанын "Пара алу" (366-бап, 3-бөлік) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатқан ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады. ҰҚК хабарламасында күдіктінің аты-жөні аталмайды, бірақ оның Қостанай облыстық сотында жұмыс істейтіні айтылған.
Қазақстанның сот жүйесі атқару билігіне тәуелді деп айтылады. Судьяларды президент тағайындайды.