Қостанай мен Челябі облыстарының Достық үйлері көп жылғы ынтымақтастықтарын құжатпен бекітті

18 Қазан 2019, 10:54 2655

Қостанайлық Достық үйі мен шекаралас Челябі облысы халықтарының Достық үйі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Мекемелер арасында жақын қарым-қатынастар жеті жыл бұрын орнады, сол уақыттан бастап ірі іс-шаралар шекаралас ынтымақтастық шеңберінде көршілердің кездесуінсіз өткен емес. Биыл ауызша келісімді қағаз түрінде бекіту мүмкіндігі пайда болды.


Өзара ынтымақтастық туралы меморандум Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов пен Челябі облысының губернаторы Алексей Текслердің кездесуі барысында бекітілді.

«Осы ынтымақтастық туралы келісім өңірлер арасындағы достық үйлері арасында орнаған тығыз қарым-қатынасты білдіреді, біз тек араласып қоймай, бір-бірімізге іс-шаралар ұйымдастыруға көмектесеміз. Мысалға, ең ірі «Мәдениет диалогы» атты жастардың шекаралас ынтымақтастық форумын атап өтуге болады.


Биыл жазда Қостанай облысының өкілдік тобы Верхнеуральск қаласында өткен біздің «Туған жер» қазақ мәдениетінің мерекесіне қатысты. Қонақтар құр қол келмей, ұлттық үлгідегі тамаша көрмені ұсынды. Ол жерде сәнді қазақ киімдері, әшекейлер, қолдан жасалған ыдыс-аяқтар, үй керек-жарақтары, кітаптар қойылды. Осының бәрі Ресей аумағында тұрып жатқан қазақ этносы өкілдерінің көңілінен шықты, себебі қостанайлық Достық үйі арқасында олар өздерінің мәдениеті мен тарихынан сусындады», - деп Челябі облысы халықтары Достық үйінің директоры Юлия Лапидус атап өтті.


Меморандумға қол қойылған соң іс-шара қонақтары көрмемен танысуға мүмкіндік алды. Ресей фотосуретшілерінің табиғат көрінісі, Южный Уралдың флорасы мен фаунасы, Златоустов қару-жарақтар зауытының алтын жалатқан бұйымдары, ағаштан және тоздан жасалған ыдыстар – осының барлығы көрермендер назарына ұсынылды. Осы жерде қыш-құмыра ісі бойынша шеберлік сабақтары да өтті. Шебер сазбен қалай жұмыс жасау керек екендігін және сол жерде сауыттар, тәрелкелер, саптыаяқ дайындаудың қыр-сырымен бөлісті.

Кейін мерекелік концертке кезек беріліп, «Урал» мемлекеттік би ансамблі, сондай-ақ Қостанай облысының шығармашылық ұжымы өнерлерін ортаға салды.

Бөлісу: