Өскемендік полиция қызметкерінің әрекеті көпшілікті сүйсіндірді

3 Шілде, 15:20 299

Қазақстандықтар Өскеменде жаңбыр құйып тұрғанда жол қозғалысын реттеген полиция қызметкерінің еңбегін жоғары бағалады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ШҚО Полиция департаментінің ресми парақшасы толассыз жауын кезінде түсірілген видео жарияланды. Кадрдан қаладағы көше қиылыстарының бірінде бағдаршам істен шығып, патрульдік полиция қызметкері қозғалысты реттеуге кіріскен.

Құрметті жол қозғалысының қатысушылары, сақ болуларыңызды, жылдамдық режимін және арақашықтықты сақтауларыңызды сұраймыз. Жаяу жүргіншілер өткелдерінде ерекше мұқият болыңыздар! – делінген видеоның жазбасында.

Видеоға қатысты оқырман да пікір білдірген.

«Нағыз еркек!», «Жарайсыңдар, жігіттер!», «Күннің батыры», «Қатарынан үш күн демалыс беру керек», - деп жазған оқырман.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Шығыс Сақшылары (@eastkazpolice)

Мадина Асылбекова
Бөлісу: