Өскемендегі Жамбыл саябағын тазалауға 140-тан астам адам атсалысты

18 Сәуір, 22:51 460

Мемлекеттік мекемелердің және мәдениет саласының қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясы аясында эстафетаны қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Олар бүгін Жамбыл саябағын қоқыс пен жапырақтан тазалады. ШҚО тарихи-мәдени мұраны қорғау мекемесінің бөлім меңгерушісі Айгүл Чукаеваның айтуынша, 18 сәуір – Халықаралық ескерткіштерді қорғау күні.

Бүгін біз саябақ аумағын тазалап жатырмыз. Жамбыл саябағы -мәдениет тарихы, бұл біздің мұрамыз. Біз бәріміз акцияны қолдаймыз және барлық азаматтарды, қала тұрғындарын сенбілікке атсалысуға шақырамыз. Егер бәріміз аулалар мен көшелерді тазалауға жұмылсақ, біздің қала таза болады, - деді Айгүл Шоқаева.

Айта кетейік, республикалық акция мамыр айының ортасына дейін жалғасады, «Таза өлке» деп аталған алғашқы аптада көшелер мен аулала тазартылса, «Киелі мекен» атты екінші апталық тарихи-мәдени ескерткіштер аумағын абаттандыруға арналды.

Зарина Арман
Бөлісу: