Өскемендегі сот ғимаратынан жарылғыш зат табылмады

9 Желтоқсан 2022, 01:08 816

Бұған дейін полицияға әлдекімдер ғимаратта бомба барын айтқан

Өскемендегі №1 қалалық соттың ғимаратын тексеру барысында қауіпті заттар табылған жоқ, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін сағат 18:05-те Өскемен қаласындағы №1 қалалық соттың ғимараты миналанған деген хабарлама түскен.

Белгілі болғандай, облыстың мамандандырылған қызметтері нысандарды қарап, тексеру жұмыстарын жүргізді.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы «Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция департаменті мұндай құқық бұзушылықтар үшін 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді, - делінген хабарламада.

EL.KZ
Бөлісу: