27.02.2023
19:49
1516
Өскемендегі балабақшада бүлдіршін баспалдақтан құлап кетті

Өскемендегі балабақшада бүлдіршін баспалдақтан құлап кетті

Облыс орталығындағы мемлекеттік мектепке дейінгі мекемелердің бірінде балабақша тәрбиеленушісі баспалдақтан құлап, жарақат алған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі altaynews-ке сілтеме жасап.

Оқиға баланы ата-анасына тапсырғаннан кейін болған.

«Әлеуметтік желіде баланың аяғында бахила болған деген ақпарат тарап жатыр. Ол – жалған ақпарат. Жағдай баланы ата-анасына тапсырғаннан кейін орын алған», - дейді Өскемен қалалық білім бөлімінің басшысы Сәуле Алагөзова.