Өскемендегі әскери бөлімде ағайынды егіздер қызмет етеді

22 Қараша, 23:07 428

Өскемен гарнизонының 27943 әскери бөлімінде ағайынды егіздер әскери борышын өтеп жүр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Түркістан облысының тумалары Нұрсұлтан мен Жансерік Жақсан бала күнінен бір-біріне қолдау көрсетіп келеді. Ағайынды егіздерде әскерге барамыз ба не ьармаймыз ба деген ой болған емес. Олар қолына шақырту алған күні-ақ жергілкті әскери басқару органының табалдырығын еш ойланбатан аттады.

Алғашында жігіттер әртүрлі бөлімшелерге бөлінді. Командир ағайындылардың біріне тапсырма беріп, оны екіншісінен орындауды талап еткен күлкілі жағдайдан соң ғана бәрі жігіттердің егіз екенін білді.

Олар одан әрі қызметін бір бөлімшеде жалғастырды. Полигондарда және кез келген күнделікті қызметте жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде Нұрсұлтан мен Жансері бір-біріне ғана емес, қолдауды қажет ететіндерге де үнемі көмектеседі. 

Жарты жылдан кейін әскери бөлімге Өскеменнен тағы да егіз ағайынды Мәди мен Әли Романовтар келді. Олардың тарихы көптеген әріптестердің қызығушылығын тудырды. Кейін белгілі болғандай, Мәдидің әскерге бара жатқанын білген Әли оқу орнынан академиялық демалыс алып, ағасының соңынан әскерге тартып отырған.

Қазір Мәди мен Әли әскери өмірге бейімделіп, дайындықтан өтуде. Егіз бауырлармен Нұрсұлтан мен Жансерік те өз тәжірибелерін бөлісіп, оларға қамқорлық көрсетіп тұрады.

Басшылықтың, аға жолдастардың тұрақты қолдауының және күнделікті сабақтардың арқасында біз көп нәрсені үйрендік. Нұрсұлтан мен Жансерікке де ризамыз. Олар бізді өздері егіз болған соң бізді тезірек түсінеді, әрі осында игерген нәрселерін жеткізуге тырысады, – дейді ағайынды Романовтар.

Осындайда ағайынды әрі әріптестер егіздерге қарап, кез келген қиындықты тек бірге жеңуге болатындығын түсінуге болады.

Зарина Арман
Бөлісу: