Өскеменде зорланғаны туралы жалған арыз жазған әйел 4 жылға сотталды

22 Қараша, 10:42 361

Өскемен қаласында өзінің зорланғаны туралы полицияға жалған арыз жазған әйел 4 жылға бас бостандығынан шектелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Арнайы прокурорлар жүргізген тергеу барысында әйел адамның осы жылдың ақпан айында танысымен пәтерде өз еркімен жыныстық қатынасқа түскені анықталды. Алайда келесі күні ол құқық қорғау органдарына өзінің зорланғаны туралы жалған арыз жазған.  ШҚО прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, соның салдарынан жазықсыз адамға қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Сотқа дейінгі тергеу кезінде «жәбірленуші» өз кінәсін мойындады. Оған ҚР ҚК-нің 419-бабы 3-бөлігімен (ауыр қылмыс туралы көрінеу жалған хабарлау) айып тағылды. Өскемен қаласы №2 сотының үкімімен әйел адам кінәлі деп танылып, шартты түрде 4 жылға бас бостандығынан шектелд, - делінген ақпаратта.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: